«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Кәсіпкерлер Палатасы қаржылық емес көмек корсету операторы болып табылатыны белгілі. ОҚО –на қарасты Қазығұрт ауданында биылғы жылы 680 кәсіпкер түрлі мемлекеттік қолдауға ие болды. Кәсіпкерлерге тегін қызмет түрлері көрсетілуде. Мәселен, мемлекеттік бағдарламалар бойынша 1287 кеңес берілсе, 198 кәсіпкерге 284 сервистік көмек корсетілді. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлер палатасының ұжымы жаз айларында 13 ауыл округін аралап, кәсіпкерлік палатаның атқаратын қызметі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесі жақсы. Халықпен тікелей кездесіп, сол жерде өтініштерін қабылдап, оның бірқатары орындалып та үлгерді. Облыстық Кәсіпкерлер палатасының Қазығұрт аудандық филиалында тамыздан қазанның соңына дейін 15 агро-семинар өткізіліп, әрбір сабаққа 15 адамнан қатысып, жалпы саны 225 адам сертификатпен қамтылды. Ондағы мақсат ауылдағы тұрғындарға мал шаруашылығын, бау-бақша істерін ілгерілетуді, ет өнімдерімен айналысуды, сүтті бағытта қалай жұмыс жасау керектігін кеңінен түсіндіріп, тәжірибе жүзінде көрсету болатын.
Связанные истории
12.12.2016
28682
29.11.2016
38280