Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 25 жұлдызды күн аясында бүгін ОҚО қарасты Ордабасы ауданында қаржыгерлер күні аталып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Үсенбаев Ғалымжан мереке иелерін кәсіби мерекемен құттықтап, аудандық мекеме, дербес бөлім, білім беру ұйымдарының есепшілеріне облыстық қаржы басқармасы басшысының, аудан әкімінің, экономика және қаржы бөлімі басшысының Алғыс хатын тапсырды. Сый-сияпат жасады. Ауданда ұзақ жыл экономика саласында еңбек сіңірген ардагер Балабек Тұрдыбек құрмет көрсетуші ізбасарларына ризашылығын білдірді. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сиқымбаева Алтынай қиын да қызықты мамандық иегерлеріне сәттілік тіледі.