Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елдің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында жүргізіп отырған сындарлы да салиқалы саясатының арқасында өткен жылдың 28 қазанында елімізде алғаш рет тұрмысы төмен отбасыларға арналған «Өрлеу» пилоттық жобасы қолға алынған болатын. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 28 қазанда №369-V ҚР Заңына сәйкес пилоттық деңгейде аталмыш жобаны бастады. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі ауданда жүргізіліп жатқан әр түрлі құрылыс жұмыстары мен жаңадан ашылып отырған жұмыс орындарының арқасында мүмкін болып отыр. Бүгінгі күнге әлеуметтік көмектің қолданыстағы жүйесі бойынша аз қамтылған отбасылардың арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік балалар жәрдемақысын, атаулы әлеуметтік көмек алуға мүмкіндіктері бар. 2018 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту мақсатында аталған әлеуметтік төлемдердің түрлерін трансформациялау арқылы бірыңғай жәр-демақыға біріктіру жоспарлануда. Пилоттық режимде азаматтардың көмекті таңдауға мүмкіншілігі бар: Шартты ақшалай көмек ауданда үстіміздегі жылдың ІІ- тоқсанынан бастап пилоттық жоба ретінде қолданысқа енгізілді. Бүгінгі күнде ОҚО-на қарасты Бәйдібек ауданында аз қамтылған 35 отбасы /241 адамға/ 8139,9 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, оның 2396,0 мың теңгесі төленді. Сонымен қатар өрлеу жо-басы бойынша 35 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Ш.Отыншиев,
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы.