Онда студенттер бірнеше ай ғана оқып, тек сертификат алып шықпайды, кәдімгі маман болып шығады. «Қазір бәсекенің заманы» дегенді жиі айтамыз. Бірақ, байыбына терең бара бермейміз. Нарыққа бейім өмір сүрудің ең басты талаптарының бірі — бірнеше мамандықты қатар игеру. Себебі, қосымша кәсіп үйренудің артықшылығы көп, қай кезде болсын далада қалмайсың. Жұмыстан шығып қалсаң қажетіңе жарайды немесе қосымша табыс көзі бола алады. Осы орайда оңтүстіктегі кейбір оқу орындары жарап тұр. Студенттердің оқуынан тыс кезіндегі қосымша уақыттарын тиімді пайдалану үшін кәсіптік курстар ашқан. Онда студенттер бірнеше ай ғана оқып, тек сертификат алып шықпайды, кәдімгі маман болып шығады. Жастарды көбіне ұлттық өнерге баулиды. Айзат Айтбекованың алғашқы қолөнер туындысы «Кешкі Ақорда» деп аталады. Биология факультетінде оқитын бойжеткеннің гобелен тоқуды үйренгеніне көп бола қойған жоқ. Күнде кешкісін екі сағаттай уақытын осы тірлікке жұмсайды. Қазір өз бетінше жіпті ілмектеп, кез келген өрнекті бедерлей алатын деңгейге жетті. Күрделі композиция енді бір айдың шамасында дайын болғалы тұр. Биология факультетінің студенті Айзат Айтбекова: «Гобелен тоқу сабырлы, төзімді болуға, түстерді ажыратып, әдемі, ұқыпты жасауға, жұмысты бастаған соң уақтылы аяқтауға үйретеді» дейді. Ал, Темірбек болса, сабақтан босай сала шеберханаға асығады. Ағаштан түйін түйетін ұстазының әр қимылын бағып, көргенін көкейге түйіп қалуға тырысады. Оның пікірінше, ұлттық саз аспаптары мен ағаштан түрлі бұйымдар жасау – тек өнер ғана емес, табысты кәсіп. Өйткені, бүгінде әсіресе, ағаштан ойып істелген ұлттық бұйымдарға тапсырыс беретіндер көп.Темірбек Мырзанов 1 курс студенті: «Мен қазір астау істеуді үйреніп жатырмын. Алдымен материалын дайындап аламыз. Қарағай ағашты ойып, пішінін жасаймыз. Бұдан соң тазалап, ішіне ешкінің іш майын ерітіп, ыстықтай құямыз» дейді. Оқу ордасында қазір көркемсурет, қолданбалы және қолөнер түрлері бойынша студенттерге осындай кәсіп үйрететін 15 үйірме жұмыс істейді. Оған 450-ге жуық студент қатысып жүр. Қолөнерден бөлек, мұнда майлы бояумен сурет салу, киім тігу, ши тоқу, аспаздық, фотоөнер секілді кәсіп түрлерін меңгеріп шығуға болады. Сондай-ақ, айтыс өнеріне баулу, домбыра үйрену, мәдени іс-шараларды жүргізу және сән үлгісін көрсету үйірмелері де болашақ ұстаздардың жан-жақты өнерлі болып шығуына сеп жасайды. Қазақтың киізі кейінгі кездері төсеніш болудан қалып бара жатқанымен, есесіне үйдің сәнін келтіретін қолөнер бұйымдарын жасауға таптырмайтын дүниеге айналды. Сол бойынша нарықтық экономикаға шығып, өзімізді қаржыландырып, мамандыққа байланысты шеберлікті шыңдау. Кәсіптік курстарды тәмамдаған шәкірттерге арнайы сертификат беріледі. Қосымша кәсіп игеру болашақ ұстаздардың тек білім берудің әдіс-тәсілдеріне ғана машықтанған маман емес, жан жақты өнерлі және қолынан іс келетін тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етпек. Медеубек Тәңірбергенов, жаңа технология және өнер факультетінің деканы:
Ендігі жоспарымыз бойынша жасалып жатқан жас балалардың үй киімі, басқа да жамылғы деген сияқтыны карта бойынша тігіп, моделін жасаймыз. Біздің өндіріспен байланысымыз бар. Кәсіптік курстарды тәмамдаған шәкірттерге арнайы сертификат беріледі. Қосымша кәсіп игеру болашақ ұстаздардың тек білім берудің әдіс-тәсілдеріне ғана машықтанған маман емес, жан жақты өнерлі және қолынан іс келетін тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етпек. Бұл олардың ұстаздықпен қатар заманға бейімделіп, қосымша кәсіп етуіне жол ашады немесе жалпы білім беретін мектептердің өзінде қосымша жүктемемен жұмыс істеуіне де мүмкіндігі бар. Студент тек болашақ маман ғана емес. Ол — қоғамның тірегі. Келешектің иесі. Еліміздің экономикалық әлеуетінің өсуімен бірге еңбек етуге қойылатын талап та жоғарылап келеді. Демек, бүгінгі күннің сұранысы — өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі жоғары маман.
Ғ. Қалмахан