Ленгер қалалық №8 колледжі бүгінде облыстағы алдыңғы қатардағы оқу орындарының бірі. Іргетасы 1942 жылы қаланған оқу ордасы бүгінде замануаи тадаптарға сай білім береді. Қазіргі уақытта бұл коледжде жетім балалар үйінен, тіл мүкісі бар балалар мектебінен келіп оқып жатқандар бар. Студенттер 7 мамандық бойынша білім алуда, колледждің ішіндегі шеберханасында студенттер түрлі уй тұрмысына қажетті заттарды жасайды. Білім ордасының базасында практикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студенттер тек білім алып қана қоймай, оны іс жүзінде өздері жасап көріп, тәжірибелерін арттырады. Мұнда тігінші, дәнекерлеуші, автослесарь және бағдарламашылар білім алатындықтан, практиканың 90 пайызы өздерінде өтеді. Тігінші қыздар көйлектен бастап, пердеге дейін өздері тігеді. Оларға тігіннің қыр-сырын меңгерту үшін су жаңа тігін машиналары мен германиялық жабдықтар алынған. Дәнекерлеуші мамандығы бүгінде сұраныс өте жоғары. Мұнда білім алғандар дайын маман болып шығады. Темірді балқытып, қажетті бұйым жасау олар үшін қиын емес. Ал автослесарь мамандығын таңдағандар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып жүр. Арнайы жасақталған гаражда көліктің ақауын өздері жөндейді. Шәкірттер білім мен тәжірибені өндірісте ұштастырып қана қоймай, қосымша қаржы табады. Осы мақсатта колледжде арнайы кешен құрылған. Орталықта колледжде оқытылатын мамандықтарға сәйкес келетін шағын цехтар жұмыс істейді. Онда шәкірттерге жаңа кәсіп ашуына мүмкіндік бар, яғни, өздері тауар өндіріп, оны тұтынушыларға ұсына алады. Бұл да болса қосымша табыс көзі. Түскен қаржыға қажетті материалдар аламыз дейді тәлімгерлер. Олардың қолдарынан шыққан гүл қоятын ыдыстар, түрлі орындықтар зауыттан шыққан дүниелерден артық болмаса кем емес. Мұның бәрі де Оңтүстік Қазақстан облысындағы білім саласына жасалып жатқан артықшылықтардың арқасы.
Связанные истории
12.12.2016
28682
29.11.2016
38280