Болашағынан үміт күтіп отырған жастардың кереғар діни ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін алдын алу шараларын ұйымдастырып, өзін толғандырып жүрген сауалдарына жауап беру үшін қаншама кездесулер ұйымдастырса да артықтық етпейді. Айналып келгенде оның бәрі де жас ұрпақтың адаспауы үшін істеліп жатқан амалдың бірі болмақ. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы № 45-ші гимназия мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Жиын жастар арасында құқық бұзушылықтың, ерте жүктіліктің, есірткіге қарсы зиянды əдеттерден арылу жəне түрлі кереағар діни ұйымдардың іс əрекеттерінен қорғану, діни экстремизммен терроризмнің алдын алу мақсатында өткізілді. Түріл тақырыпты қамтыған жиынға қатысушылардың қарасы мол болды. Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі Істер департаментінің жергілікті полиция қызметі, Дін істері, Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау жəне Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаяты мəселелері жөніндегі басқармаларының өкілдері қатысып, ҚР Заңдары аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, арнайы дайындалған материалдар тарқатылып, бейне роликтер көрсетілді. Мұндай жиындардың жастарға берері мол әрине. Толқып ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін бағамдай алмай жүрген жастардың санасына сәуле түсірерліктей насихатты ұғып алса соның өзі пайда. Кездесу соңында студенттер ойларында жүрген сұрақтарына жауап алды.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498