Биыл қала күні ерекше тойланбақ. Бұл туралы қала билігі баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Қайрат Нұртайдың айтуынша, биылғы мереке жылдағыдан ерекше өтеді. Ең алдымен жылдағы дәстүр бойынша қалалық сенбілік өткізіліп, одан кейін ардагерлер, интеллигенция өкілдері мен жастар бірігіп ағаш егеді. Бұл алдыңғы аға буын мен кейінгі толқынның бірлесуі іспетті дәстүрге айналмақ.
Жастар арасындағы «I love Shymkent» флешмобы Тәуелсіздік саябағында өтеді. Қаламызды таза ұстау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «Таза қала» акциясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі де ұмыт қалмақ емес. «Шырайлы Шымқалам» атты –халықтық тұтыну-қолөнер бұйымдарының фестивалі, фотосуреттер көрмесі де ұйымдастырылады. Шымкенттің құрметті азаматтар марапатталып, соңынан шаһардың ең сұлу әрі парасатты аруы анықталмақ. Биылғы қала күні мерекесінде жылдың тағы бір ерекшелігі қаланың ең қарт тұрғыны мен ең жас азаматы үшін құттықтау рәсімі де бар. Спорт сайыстарында ұлттық ойындарға басымдық берілмек. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де бір апта бойы жұмыс істейді. Ал қорытынды кеш 24 қыркүйек күні Наурыз алаңында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысумен өтеді деп жоспарланып отыр.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498