Күнгейдің алтын құрсақты аналары демографиялық дүмпу жасап, халық санының артуына молынан үлес қосуда. Әрбір бесінші баланың оңтүстікте өмірге келетінін ескерсек, мұнда бесік тербету бақыты бұйырғандардың да қатары артып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы тәуелсіздік алған жылдардан бері экономикасы да, әлеуметтік ахуалы да қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Тәуелсіздік алған 25 жылда облыс халқының саны 1,8 млн-нан 2,8 млн-ға жетіп, 1 млн-ға өскен. Халықтың саны артуымен қатар әлеуметтік мәселелердің бас көтеруі де қалыпты жағдай. «Бэби бумның» арқасында бүгінде балабақшаларға деген қажеттілік те артып отыр. Әлеуметтік нысандар қатары мәселен, 1491 мектепке дейінгі ұйымдар мен 444 жаңа мектеп пен 347 денсаулық сақтау нысандары салынды. Биыл 25 жылдық мерейтой аясында 25 білім ошағы ел игілігіне берілді. Осы жылдар аралығында 8,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Тәуелсіздік жылдары жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеп, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60 пайызға артқан. Индустриаландыру картасы жобасымен өндірілген өнімнің құны 65,9 млрд.теңгені құрап, жобалардың 90 пайызынан астамы жоспарлы қуаттылығын арттырған.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498