Бүгін күнгейде «Көлік, логистика және инфрақұрылым» — «Silk Way Transport, Logistics Infrastructure» атты II халықаралық көрмесі басталды. Берер пайдасы мол мұндай көрмелер жыл басынан бері жалғасын тауып келеді. Облыстағы өндіріліп жатқан өнімдердің қатары жыл жылжыған сайын көбейіп келе жатқанын осындай көрмелер арқылы білуге болатындай. Өйткені отандық өнімнің өндірісіне өкірте үлес қосып жүрген кәсіпорындар бүгінде тек ішкі нарықты ғана қатып қоймай, шетелдік нарықты да жаулай бастады. Кезекті рет ұйымдастырылған бұл көрмеде көлік және логистикалық компаниялар өздерінің қызметтері мен жабдықтарын келушілердің назарына ұсынды. Мұндай көрмелердің берері көп әрине. Ол ең алдымен тәжірибе алаңына айналуда. Ірі кәсіпорындардың жаңадан ашылған кшігірім өндіріс орындарына кәдімгідей тәжірибе алмасуына жол ашады. Сондай-ақ өндіруші мен тұтынушы арасында алтын көпір орнатуға таптырмас құрал. Аталмыш көрмеге Nimex-Trans, CK Logistics, Giansar, Алем Тат, STI Logistics, Elite Logistics, Спец-Авто, K2 — Кранпоставка, Transasia Systems KZ, Instar Logistics, Камаз Евро Сервис, Omega Story Group Logisoft, Казахстан Логистик Групп, Зерде ҒӨБ, Евротранзиттерминал, Continental Logistics, Scat, Стеллажи.KZ, Союзтранслинк және басқа компаниялар қатысуда. Тек көрме ғана ұйымдасытырлмай аталмыш шара барысында дөңгелек үстел өтті. Оған Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдерінің және көлік кәсіпорындары басшыларының қатысуымен өңірдің көлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша талқылау болды. Шараның қатысушылары көлік инфрақұрылымын дамытудың жоспарларымен және Оңтүстік Қазақстан облысында көлік-логистикалық аумағын салудың болашағымен танысады. Болашақта Шымкент қаласы жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өнімді шығаруға мамандандырылған Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталығына айналатынына сенім мол. Алдағы уақытта пайдасы зор мұндай көрмелер көптеп ұйымдастырылмақ.