Осы уақытқа дейін медициналық мақсатқа арналған мақтаны шетелдерден тасымадап келіп едік. Енді отандық өнімге де қол жеткздік. Мақтаның отаны саналатын Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданындағы Асықата кентінде орналасқан «Ақұлпа» медициналық мақта шығару компаниясы бүгінде тек облысты қамтып қана қоймай, еліміздегі барлық өңірлерді өз өнімдерімен қамтып отыр. Алдағы уақытта Еуразиялық аймаққа, Ресей, Белорусияға өнімдерін экспорттауды жоспарлап отыр. 2011 жылы ашылған өндіріс орны бүгінде 60-70 тонна өнім өндіруде. Жақын уақттарда жылдық қуатылығын 150 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. Кәсіпорынды заманауи құрал жабдықтармен қамту үшін «Максимум» АИО-нан 7 пайызбен 17 миллион теңге несие алып, жұмысын жандандырып келеді. Мемлекеттің қолдау білдіруі арқасында құны 9 миллион теңге тұратын артезиан скважинасы іске қосылғалы судан таршылық көріп отырған жоқ. 2014 жылдан бастап ауданымыздағы индустриалды аймақтан мақта өңдеу зауытын іске қосу үшін жұмыстар атқарылуда. Егер зауыт толық қуатында жұмысқа кірісетін болса бірнеше жұмыс орнын ашып ауданның экономикасын өркендетуге өкіртіп үлес қосатын болады. Медициналық мақтадан бөлек, мұнда жергілікті тұрғындардың сұранысына орай, көрпе, жастық дайындаумен айналысатын тігін цехы жұмыс істейді. Алдағы уақытта медицинада пайдаланылатын дәке шығаруды қолға алмақ. Бүгінде өндіріс қуатын арттыру мақсатында тәжірибе алмасу үшін Қытайдан білікті мамандар келген. Мұхтар Төрегелдиев,
«Атамекен» ЖШС директоры: — Ауданда мақтамен айналысатын шаруашылықтар көп. Олардың өнімдері негізінен шетелдерге шикізат күйінде сатылып жатыр. Арзанға кетіп жатқан осы өнімдерді өзімізде өңдеп, жіп иіріп, мата шығарсақ, медициналық мақтамен қамтамасыз етуге шамамыз жетеді. Еліміздің эконгомикасын көтеруге хал қадерімізше үлес қосып келеміз.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498