Қазығұрт ауданының даму бағдарламасына сай, 2016 жылдың 8 айында тұрақты жұмысқа орналастыру, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлары артығымен орындалды. Тарата айтатын болсақ, 8 айда 1382 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, 1498 жаңа жұмыс орындары ашылып жоспар 108 пайызға орындалған. Тұрақты жұмысқа орналастыру жоспары 111 пайызға орындалып отыр. Ақылы қоғамдық жұмысқа 340 адам жіберу қаралса, оған 364 адам тартылған. Ауданда жұмыссыздық денгейі 3,18 %-ды құрайды. Осы жылы 3 рет жәрмеңке өткізіліп 33 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасса, ағымдағы бос жұмыс орындарына мүмкіндігі шектеулі 36 азамат жұмысқа жолданып, барлығы 69 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды. Аудан көлемінде 2016 жылдың 8 айында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Өрлеу» пилоттық жобасына аз қамтамасыз етілген 24 отбасы өтініш берген. «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша үш бағытта жұмыс жүргізілді. Бірінші бағыты бойынша елді мекендердегі құрылыс жұмыстарына 10 жұмыссыз азамат тартылса, екінші бағыты бойынша жыл көлемінде 79 азаматқа несие беру жоспарланған. Жоспар артығымен орындалып, 110 адамға 294,5 млн. теңге несие берілді. Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 138 азамат әлеуметтік жұмысқа орналастырылды. «Жастар практикасына» 100 адам жіберу жоспарланса, 106 маман тәжірибеден өтті. Мемлекеттік және аймақтық бағдарлама бойынша жұмысқа 330 адам тартылды. Жалпы «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасына 1897 адам тартылып, жоспар 111 пайызға орындалды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2009 жылдан бері 326 маманға 38,8 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы, 112 маманға 284,0 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға жәрдемақы берілген. Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытуға да ерекше мән беріліп келеді. Жыл басынан бергі 8 айда кәсіпкерлік субъектілер саны 6849 болып, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,3%-ға өскен. Осы бағытта 10766 адам жұмыспен қамтылған. Олардың өндірген өнім көлемі 28 310,4 млн.теңгені құрап, 298,9млн.теңге бюджетке қосымша салық түсірілді. Жалпы шағын және орта бизнес саласы бойынша 17 жоба іске асырылып 60 адам жұмысқа тартылды.