Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысынына қарасты барлық аудандарда кәсіпкерлік саласында ілгерілеушілік байқалады. Кәсібінен нәсіп тауып отырған кәсіпкерлер отандық өнім өнім өндіруде де алдыңғы лекке шықты. Шетелдік өнімдерден ешқандай кемдігі жоқ. Сапасы жағынан да, бағасы жағынан да. Керісінше жергілікті шикізаттан өндірілгендіктен де бағасы импорт тауардан әлдеқайда арзан. Ал қызмет көрсету саласында да кәсіпкерлердің айы оңынан туып тұр. Отырар ауданында Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырушы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының банк кредиттерін субсидиялау және банк несиесін кепілдендіру бағытын кәсіпкерлер тиімді пайдалануда. Н.Үркімбаев жүк тасымалдау қызметін көрсетуге 12 миллион теңге несие қаржы алып, бүгінде тасын өрге домалатып отыр. Бұдан бөлек гранттық қаржыландыру бойынша жеке кәсіпкер Ерденқұлов Нұрқұл санырауқұлақ өсіру жобасына 1,2 миллин теңге грантқа ие болды. Биыл аудан тұрғындарына мал бордақылау, мал басын көбейтуге, кіші цехтар ашуға, әр түрлі дақылдар өсіру сынды бағыттар бойынша жобаларға әр түрлі қаржы институттары арқылы қысқа және ұзақ мерзімге 3153 жобаға 1 млрд 967 млн 700 мың теңге несие қаржы алынды. Өткен жылы бағдарлама аясында екі жоба іске қосылған болатын. Темір ауыл округінен «Отырар Дән» ЖШС-нің жүгеріні кептіру және сақтау зауыты және Шілік ауыл округінен жеке кәсіпкер Құдіретұлла Бақытжанның 5000 бас құс фабрикасы. Олар бүгінде кәсіптерін табысты жүргізуде.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498