Елбасының «Бес реформа, 100 нақты қадамы – дамыған елдердің қатарына қосылудың төте жолы. Болашақты айқындап берген маңызды құжатта айтылғандай, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заң күшіне енді. Бұл кез-келген ел азаматы үшін өзіне қажетті ақпаратқа оңай қол жеткізудің тиімді тәсілі. Жуырда ғана ғаламтор желісінде «Ашық үкімет» порталы іске қосылып жұмысын бастады. Бүгінде оның насихат жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Бірегей порталда атқарылған жұмыстардың негізгі қоры іспетті статистикалық көрсеткіштер, республикалық бюджеттің орындалуына дейінгі мемлекеттік органдардың құпия емес ақпараттар қоры жинақталған. Жұмысын қарқынды бастаған портал арқылы еліміздің әр азаматы мемлекеттік маңызды бағдарламалар мен заң жобаларын талқылап, ұсыныс-тілектерін білдіру құқығына ие. «Ашық үкімет» терезесі арқылы өзін көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алуына мүмкіндігі мол. Аты айтып тұрғандай ашық қызмет көрсететін портал арқылы «Болашақ» бағдарламасы, «Алтын қор» резервтік тізіміне қалай енуге болатындығы, мемлекеттік қызметке орналаасу тәртібі сынды бұдан да басқа сауалдарға жауап ала алады. Аталмыш ашық терезенің жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары риза. Бүгінде ғаламтор желісінде жұмысын бастаған «Ашық Үкіметтің» қызметіне жүгінгендер ризашылықтарын білдіріп отыр. Бүгінге дейін аталған қызмет түріне облыстың мыңдаған тұрғыны сауал жолдап, қанағаттанарлық жауап алған. Дүниежүзінің дамыған 30 елінің қатарына енуге жол сілтейтін бес институттық реформаның бір бағыты — «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру». Кезең-кезеңімен сәтті жүзеге асырылуда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498