«100 нақты қадам» Ұлт жоспары қоғам өміріндегі негізгі салаларды, оның ішінде құрылыс саласын жаңартуға бағытталған. «Ұлт жоспары» – бұл Қазақстанның зор даму әлеуетін ашатын міндеттерді жүзеге асыру. Ол өмірдің барлық салаларындағы 100 дәл және тәжірибелік шешімдерден тұратын құжат. Ұлт жоспары халықтың өмір сүру сапасын арттырып, әл-ауқатын жақсартуды көздейді. Осы мақсатқа жету үшін Оңтүстік Қазақстан облысында ілкімді тірліктер атқарылуда. Биыл 67 білім, 40 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін 40 білім беру, 1 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі. Бұл әрине әлеуметтік салалардың әлеуетін арттыру үшін атқарыып жатқан шаруалар. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рақымберді Мүлкеманов: «Тұрғын үй саласы бойынша 57 нысанның құрылысы қарастырылды. Нәтижесінде жалпы алаңы 55,8 мың шаршы метрді құрайтын 951 пәтерлі 56 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады» дейді. Жыл соңына дейін 17 нысан пайдалауға беріледі деп көзделіп отыр. Облыс халқын сапалы инфрақұрылыммен қамту мақсатында облыстық бюджеттен 27 ауыз су жобасын іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде, су құбыры мүлдем болмаған 7 елдімекенге су жеткізіледі. 14 ауылда құбырлар толықтай жаңартылады.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498