«100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында биылдан бастап жеке сот орындаушылар институты кеңейеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары атты бағдарламалық құжатында заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігінде бұл салада жаңа үлгі жеке сот орындаушылар институтын кең ауқымда дамыту қарастырылады. Бұл институт жұртшылықтың әділсотқа қолжетімділігін арттырып, сот орындаушылар қызметін жаңа деңгейге шығармақ. Оңтүстік Қазақстан облысында аталған салада ілгерілеушілік бар, жеке сот орындаушылары белсенді түрде жұмыс атқаруда. Жуырда Абай аудандық сотында осы саланың артықшылығын дәріптеу турасында дөңгелек үстел болып өтті. Онда сот актілерін орындаудың өзекті мәселелері талқыланып, мамандар өзара пікір алмасты. Елімізде жеке сот орындаушылар институтын дамыту 2005 жылы қолға алынғаны белгілі. Сот төрағасы Сайдыбаттал Тоқбергенов «Бұл жөнінде Елбасының өзі 100 нақты қадамында айтыр өткен. Жеке сот орындаушылар жөнінде институттар ашылды. Қазір орындаушылардың көбі жеке сот орындаушыларға жүктеп отыр» деді. Аталмыш институт ТМД-ның ішінде ең бірінші болып, Қазақстанда ашылған. Ілкімді жоба – бүгінде заман талабына сай жұмыс атқаруда. Сот актілерін тиімді орындау –азаматтардың сот әділдігі мен жалпы мемлекетке деген сенімінің кепілі.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498