100 нақты қадам- ұлт жоспарының басым бағыттарының бірі қоғамға ашық есеп беретін мемлекет саясатының алғашқы қадамы яғни – халық алдында есеп беретін кәсіби мемлекет құру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшін бүгінде аудан әкімдері, басқарма басшылары халық алдында есеп беруде. Одан бөлек қоғамдық кеңестерге де есеп бере бастады. Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқылардың бірі болып, білім басқармасының басшылығы атқарған жұмыстарын баян етті. Көпшілікке белгілі «Қоғамдық келісім» мекемесі көп ұлттың басын қосқан Қазақстан халқы ассамблеясының облысымыздағы өкілдігі болып есептеледі. Маңызды құжатта айтылған жоспарға сәйкес, былтыр елімізде 59 заң қабылданып, қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Оның әр салаға тигізер пайдасы мол. Білім беру саласында да көптеген жаңа өзгерістер енгізілді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ержан Бұрханов: «Білім саласында биыл жаңашылдық көп. Электрондық күнделік те сол жаңашылдықтың басқысы. Одан бөлек робототехника пәнін ендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әлемнің дамыған елдерінен алынған тәжірибелер де енгізілуде. Солардың бірі спутниктік ғаламтор мен кең жолақты ғаламтор облысымыздың барлық 1023 мектебіне қосу жоспарланған» дейді. Бүгінде облыстағы мектептерде жаңаша білім беру тетіктерін ендіру үшін Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу үдерісін облыстағы барлық мектептерге ендіру үшін кезең-кезеңімен мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Әрине ондай үрдістің нәтижелі де жемісті болары сөзсіз.