Елбасының «100 нақты қадам — Ұлт жоспарында» келешекте әлемнің алпауыт елдерімен иық тірестіру үшін білім мен ғылымға көп көңіл бөлу қажетті нақты айтылған. Сондықтан да бүгінде аталған салаға көптеген жаңа өзгерістер енгізу бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жүйелі жұмыс атқарылуда. Соның ең бастысы көптілді меңгеру болмақ. Еліміздегі мектептерде бүгінде үштілді білім беру ісіне кірісіп те кетті. Жақын уақыттарда білім саласындағы жоғары технологиялық кластерді дамыту, біртіндеп 12 жылдық білім беру бағдарламасына көшу жоспары алдыңғы кезекте тұр. Оңтүстік Қазақстан облысыныдағы мақтаулы мектептердің бірі Ә. Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта мектебі. Бүгінде көштің алдыңғы қатарынан табылып жүрген мектепте мұғалімдердің біліктілігін арттыруды бірінші кезекке қояды. Өйткені білімді де сауатты ұстаз білімді шәкірт тәрбиелейді. Осыны басты ұстын еткен ұстаздар қауымы педагог кадрлары жаңа технологияны игеру бойынша біліктілігін шыңдауда. Бүгінде аталған мектептің 8 ұстазы арнайы сертификатқа ие. Бүгінгі күні ұран болып отырған үш тұғырлы тіл саясатын ұстанған мектепте ең алдымен білім сапасына көңіл бөлінеді. Әрине сапалы білім алған бала ертеңгі жарқын болашақтың тірегі. Сондықтан да ұстаздар қауымы болашақтың іргетасын бүгіннен мықтап қалауға үлес қосуда. Әсіресе ағылшын тілінен сабақ беретін ұстаздардың біліктілігін ұштауға көптеп көңіл бөлінеді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498