Ұлт жоспарындағы төртінші бағыт – біртектілік пен бірлікті нығайту. Осы бағытта бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған этно-мәдени бірлестіктері жұмыс атқарып келеді. Ұлт бірлігін нығайтуға қосып отырған үлестері мол. «Ұлт жоспарының табысты жүзеге асырылуы Қазақстанға дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге, экономикалық өсім үшін лайықты жағдай жасауға және барша қазақстандықтардың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді. Ұлт көшбасшысы қашан да «бірлігі мен тірлігі жараса, сүттей ұйып отырған елге сызат түспейді» дейді олар. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясына әр қазақстандыққа «Мәңгілік ел» ұрпағын қалыптастыру міндеті жүктелген. Оңтүстікті мекен еткен өзге ұлт өкілдері татулықты нығайту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Облыста татар, украин, өзбек этно-мәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Осы ретте облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы С.Ақбердиева: «Ұлт жоспары – табысты жүзеге асыру үшін түрлі ұлт өкілдері жұмылған жұдырықтай жұмыс атқаруымыз керек. 100 нақты қадам әр саланың нақты жұмыс істеп, жүйелі дамуына жол ашып отыр. Мәңгілік ел болу жолындағы ұлт жоспарын бірлесе атқаруға дайынбыз» дейді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498