«100 нақты қадам» ұлттық жоспарында ауыл шаруашылығы саласын дамыту басым бағыттарының бірі. Дамытып қана қоймай жаңа технологияларды енгізіп ол өнім алу да кіреді. Шетелдің озық технологияларын барып, көріп, тәжірибе алмасып келген кәсіпкерлеріміз бүгінде отандық өндіріске де заманауи жаңашылдық енгізуде. Жуырда «Қазагрогрин» серіктестігі жылдың қай мезгілі болмасын малға шырынды жасыл жем дайындауда. Мұндай жаңа технология бұрын соңды елімізде болмаған. Аталған жаңалық Голландияда кеңінен қолданысқа енгізілген. Дәнді дақылдардың барлығынан осындай жасыл шөп өсіріп шығаруға болады. Ол үшін өзіндік құпиялары жетерлік. Аталған өскіннің ешқандай да зияны жоқ. Малды қоңды етіп, сиырды сүтті етеді. Балғын өскін алу үшін дән жібітіліп, арнайы табақшаға салынады. Жаңаша технологиямен жабдықталған арнайы камераға қойылады. Оның су бүркігіші мен ультракүлгін, инфрақызыл сәулелері бар. арнайы камераға 7 тәулікке қойылады. Осындай дәнннен өскіндер өніп шығады. Үнемі су бүркіп тұрған соң өскіндер мал үшін шырынды азық болады. Мұндай жеммен қоректенген сиыр сүтінің майлылығы 4,4 пайыз болады. Жылқылар 40 күнде ет алса, тоқтылар денесіне май емес, балғын ет жинайды екен. «Қазагрогрин» ЖШС-нің бас директоры: «Мұның құрамында АВСД Д3 және К витамині бар. Осы гидропоникамен жемделіп отырған малымыз бар. 2 жылда бірде-бір рет ауырған емес. Ал, жайлауда жүрген малды қайта-қайта екпе ектіріп тұрамыз. Осында дайындалған жасыл жем 80 пайыз даладан келген ауруды жояды. Сонымен қатар, ауру малды емдеуге септігін тигізеді» дейді.