Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш ауданында түрлі шөптер мен жемістерден емдік дәрілер жасайтын кәсіпкер өз үйінен цех ашты. Ол «Жұмыспен қамту» бағдарламасының арқасында кәсібінің нәсібін көріп отыр. Бақыт Наурызбаевтың дайындаған дәрілерілік сусындарына сұраныс жоғары. Ол қазір ауыл іргесіндегі жалға алған жерге дертке дауа болатын түрлі жидектерді өсіріп, өнімге шикізат ретінде пайдаланып отыр. Шикізатты шетелден тасымайды. Құнарлы жерінен осыншама пайдалы дүниені әжетіне жаратуда. Шайқурай, түймедақ пен жаужапырақ, салаубас, мүкжидек, таңқурай мен итмұрын секілді жидектерді ғана емес, асқабақ пен кәді, көк жаңғақтан түрлі шипалы тағамдарды дайындап шығаруда. Өсімдіктің бойындағы емдік қасиетін жоғалтпай дайындау да оңай шаруа емес. Тұтынуға дайын өнім осы цехта тосап немесе шырынды сусын түрінде шығарылады. Облыста бұрын соңды мұндай дәрумендер шығаратын кішігірім өндіріс орны болмаған. Табиғи өнімдердің басты артықшылығы — дәруменге бай. Зауытта дайындалған дәрі-дәрмектерге қарағанда адам ағазасына анағұрлым пайдалы. Кәсіпкерге қиындық тудырып отырған жағдаяттар да жоқ емес. Дәрілік шөптер мен жидектер барлық жерде бірдей өсе бермейді. Сондықтан оларды іздеп тауып, теріп алуға көп уақыт қажет. Сондықтан жігіт ағасы биыл көктемде азын-аулақ жерді жалға алып, мүкжидек пен асқабақ егіпті. Енді осы дәруменге бай өнімнен құнарлы азық жасап шығаруда. Сондай-ақ, алдағы уақытта кәсібін бұдан әрі кеңейтпек жоспары бар. «100 нақты қадам» – Ұлт жаспарында кәсіпкерлікті дамытуға барынша көңіл бөлінген. Бүгінде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі іске асырылуда. Кәсіпкер осы жобаның арқасында кәсібін дөңгелетіп отыр.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498