«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында әлеуметтік салаға көп көңіл бөлу керектігі нақты жазылған. Әлеуметтің әлеуетін артыру мақсатында бүгінде бүгінде түрлі әлеуметтік нысандар салынып, ел игілігіне берілуде. Одан бөлек, мәдени нысандар да халық игілгі үшін қызмет етуі тиіс деген қағиданы ұстанған Кентау қаласының басшылығы қаланың 61 жылдық мерейтойына орай кенді шаһарда тағы да бір мәдени нысанды жөндеуден өткізіп, пайдалануға берді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кенді шаһар бүгінде жаңарып, жайнап келеді. Қаратау етегіндегі қаламен қапталдас Ащысайда ауылдық клубты жөндеу мәселесі күн тәртібінде тұрған болатын. Ащысай ауыл клубы 1938 жылы пайдалануға берілген. Содан бері өнер ұясынан қазақ мәдениетінің көсегесін көгертуге күш салған талай талант түлеп ұшты. Бүгінде олар қазақ сахнасында өнер көрсетіп жүр. Жаңа ғимарат жұтынып тұр. Мұнда келушілер кітапхана, ардагерлер кеңесі, жастар орталығы секілді арнайы бөлмелерде уақытын тиімді өткізе алады. Жастар бұрынғыдай барар жер таппай көшеде сенделмейтін болды. Олар үшін тағы да бір нысан пайдалануға берілді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында Ащысай ауылдық спорт кешені де қайта жаңғыртылудан өтті. Қала әкімі денсаулықты шыңдау залын да арнайы келіп, көріп, жоғары бағасын берді. Алдағы уақытта қос орталық та түрлі үйірмелердің ошағына айналып, ұлт салауаттылығы жолында жұмысын үйлестірмек.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498