Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігін айтып, кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы өңірлердің инвестициялық бағдарламаларының бір бөлігі болуы тиістігін атап өткен болатын. Мұның өзі кәсіпкерліктің өркендеуіне соны серпін әкелетіні сөзсіз. Елбасымыз еліміздің дамуы үшін шағын және орта бизнесті қолдау керектігін үнемі айтады, сондай-ақ, кәсіпкерліктің дамуы үшін қамқорлығын аяған емес. Экономикамызды шикізат экспортына тәуелділіктен құтқарудың бір ғана жолы бар. Ол – экономикамызды әртараптандыру, яғни шикізат өндірумен ғана шектелмей, ел аумағындағы байлықты қайта өңдеп, дайын өнім өндіруді жолға қою, дамыту. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданында жылыжай көлемі 90 гектарға жетті. «Рахмат ата» шаруа қожалығы 20 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Мұнда «Атия» қызанағы мен «Туми» қиярын отырғызып, екінші кезеңнің дақылдарын жинап алды. Тұрбат ауылының еңбекқор халқы тегіс жылыжай шаруашылығымен айналысады. 20 гектардан астам жердің әр гектарынан 100 тоннадан астам бау-бақша дақылдарын жинап алды. Осы маусымда қазығұрттықтар 19 875 тонна көкөніс, 4647 тонна бақша дақылдарын жинады. Осылайша тындырымды тірлігімен түтіні түзу ұшқан тұрбаттықтар жыл он екі ай бойы балғын өнім өсіріп, нарыққа шығарып отыр. Мұнда әр маусымда 200-дей азамат жылыжайдан нәпақасын табады.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498