Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданы Ленгір қаласы 1-ші шағын ауданында «Өңірлерді дамыту -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 8 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды. Ғимараттарға жер қазу жұмыстары басталғалы аудан басшысы Бұхарбай Парманов игі істің басы-қасында болып, жұмыстардың сапалы болуын жіті бақылауда. Ленгер қаласынан бой көтеріп жатқан бес қабатты 8 үйдің әрбірі 60 пәтерден тұрады. Бүгінге дейін аталған баспаналардың мердігерлері мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелері анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, нысандар құрылысын жүргізу үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсат қағаз алынып, үйлердің жер қазу жұмыстарының қайта нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2017 жылы аяқталып, қыркүйек айына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде. Осылайша біршама тұрғынның баспалы болып, қоныс тойын тойламақ. Осылайша Елбасының бес институтционалды реформасы жүзеге асыру мақсатында дайындалған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жоспарын төлебиліктер осылайша жүзеге асыруда. Елдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуіне орай тұрғын үй құрылысын дамытуға мүмкіндік туып отыр.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498