«100 нақты қадам» Ұлт жоспары қоғам өмірінің негізгі салаларды, оның ішінде құрылыс саласын жаңартуға бағытталған. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс қарқынды жүргізілуде. «Оңтүстік құрылыс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өзі жылына 150 мың шаршы метр тұрғын үй салуға қауқарлы. Бүгінде зауыттың темір-бетон бұйымдарына сұраныс артып отыр. Облыстағы бірнеше құрылыс компаниялары осында шығарылған өнімдерді тапсырыс арқылы алады. Алдағы уақытта өндіріс орны тұрғын үй салатын құрылыс комбинатын ашуды көздеп отыр. Оған кәсіпорыннның әлеуеті жетеді. «Оңтүстік құрылыс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіріс орны ескі құралдармен жұмыс істеудің тиімсіздігін айқындап, толық заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырған. Бұл өнімділікті арттырады. Өндіріс цехтары түгелдей дерлік автоматтандырылған. Мұнда бір ғана өнім өндірілмейді, темір-бетон бұйымдарын,құм, қиыршық тас қоспаларын өндіріп, металл конструкциясын жасап, пластикалық бұйымдар шығаруға қабілетті. Бір ауысның өзінде мұнда 3 жарым мың блок шығарылады. Алдағы уақытта өнім көлемін жеті мыңға жеткізуді көздеп отыр. Темір-бетон бұйымдарының елуден астам түрі шығарылады. Өткен жылдары өнімнің өтімділігі 20 пайызға артқан болса биыл 35 пайыздан асып отыр.