«Оңтүстік» индустриалды аймағында жүзеге асып жатқан құны 76,5 млрд. теңге болатын 71 инвестициялық жобалары табысты жүзеге асырылуда. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы» «Бал Текстиль» кілем фабрикасы мен мақта целлюлозасын өндіретін «Хлопкопром-Целлюлоза» және гофрокартон шығаратын «KazBioLife» ЖШС-тері бүгінде ішкі нарықпен ғана шектеліп қалмай шетелдерге өнімдерін экспорттап жатқан ірі кәсіпорындар. Кешенді жіп иіретін «Оски текстиль» фабрикасы да соны технологиямен жұмыс істейтін өндіріс орны. Аталған барлық кәсіпорындар бүгінде өз өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа шығарып отыр. Оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау да аз емес. «Хлопкопром- Целлюлоза» ЖШС-нің директоры Қайнар Абасов: «Теңге бағамын еркіне жіберу біздің экспортық потенцияламызды көтеріп отыр. Біз өніміміздің 80 пайызын шетелге экспортаймыз. Сондықтан әлемдегі ірі-ірі өндіріс орындарымен баға жағынан бәсекеге түсуімізге, өндіріс көлемін арттыға мүмкіндік беріп отыр» дейді. «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы және техникалық корбоксиметилцеллюлоза өндірісі қызу жұмыс істеп, өнімді еңбек көзіне айналды. Бүгінде өндірген өнімге сұраныс өте жоғары. Тіпті шетелден арнайы тапсырыспен алдыратындар бар. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыру жоспарлары бар. Ұлттық жоспарға үлес қосып отырған кәсіпорын алдағы уақытта тағы да өндіретін өнім көлемі артуына байланысты жұмыс орындарын көбейтуді көздеп отыр.