100 нақты қадамның ауқымды бөлігі индустрияландыру және экономикалық өсімге бағытталған. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмектің арқасында күнгейдегі кәсіпкерлер өндіріс көлемін арттырып келеді. «Азамат Құрылыс -1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі химиялық қоспалардан жіп иіріп, қап тігетін кәсіпорынның бірі. Бүгінде жұмысын қарынды жүргізуде. Бұл өндіріске қолдынылатын негізгі шикізат көзі — полипропилен. Технологтардың айтуынша оған 5 пайыз кальций корбанаты қосылады. Қажетті шикізатты шетелден тасымалдайды. Сондықтан да өнімнің бағасы сәл қымбатқа түседі. Егер қажетті шикізат елімізде шығарылғанда өнімнің бағасы әлдеқайда арзанға түсер еді. Шетелден әкелінген құрылғылар күніне 12 мың метр қап тігуге қауқары жетеді. Бүгінде осы қаптарға сұраныс көп. Ұн, шекер, цемент қаптайтындар өнімнің басты сатып алушылары. Өндіріс орнында алты станок жұмыс істейді. Құрылғының көбісі автоматтандырылғандықтан жұмыс күшін қажет етпейді. Әзірге мұнда 24 жан адам еңбек етуде. Ашылғанына аз уақыт болса да, тұтынушылардың сұранысын арттырып отырған отандық өндіріс орны келешекте өз өнімдерін экспортқа шығаруды межелеп отыр. Мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламалардың арқасында кәсіпкерлерге су, электр қуатын, табиғи газды жеткізіп берген. Өндіріс орны үшін жер телімін тегін беріп отыр. Осындай қолдаудың арқасында өндірісті өркендетуге қол жеткізіп отыр.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498