«100 нақты қадам -Ұлт жоспарында» ел бірлігін нығайтуда нақты тапсырымалар берілген. Аталған маңызды құжаттағы төртінші бағыт – біртектілік пен бірлікті нығайту болып табылады. Осы бағытта бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған этно-мәдени бірлестіктері табысты жұмыс атқарып келеді. Облыста қоныс тепкен ұлт өкілдерінің бірлігін нығайтуға қосып отырған үлестері мол. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Жанубий Қозоғистон» газетіне 25 жыл толуына орай, жуырда облыстық басылымның құрметті мерейтойында Шымкентте «Достық дастарханы» атты дәстүрлі палау фестивалі өтті. Редакция ұжымы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйымдастырған шараға өңіріміздің білікті аспаздары қатысып, палаудың 30 шақты түрін дайындап, щеберліктерін көрсетті. Мерекелік шараға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов редакция ұжымын газеттің мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Айта кетеу керек, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Шаңырақ» шығармашылық байқауына қатысқан «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті жазып-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін арнайы жүлдемен марапатталды.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498