Елбасы белгілеген стратегиялық бағдарламалардың тірегі саналатын білім саласын дамыту үшін алдымен оның іргетасын нықтап алған ләзім болар. Ол үшін іргетас, яғни бала-бақшалар санын көбейту болып тұр санын көбейту болып тұр бүгінгі таңда. Түркістанда өткен «Қала күні» мерекесінде бөбектердің де жайы назардан тыс қалмады. Ол 280 орындық «Толағай» балабақшасы. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында салынған ғимарат құрылысына қазынадан 401 млн. теңге бөлінген. Бүгінде пайдалануға беріліп, тұрғындар игілігіне жұмыс жасап тұр. «Балғын балалардың жас ерекшеліктеріне қарай «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» деп бөлініп жұмыс жасаймыз. Біздің басты мақсатымыз, ҚР мемлекетік жалпыға міндетті білім беру стандартын негізге ала отырып, болашақ ұрпағымызды, білімді, жан-жақты, салауатты өмір салтын ұстанатын азамат етіп тәрбиелеу дейді» — балабақша меңгерушісі Кулимова Қарлығаш. Жалпы қала аумағында мектепке дейінгі тәрбие берумен айналысатын 53 (31 мемл-к, 22 жеке мен-к балабақшалар) мекеме бар. Онда 18 мыңға жуық бала қамтылған. Бұл қаламыздағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткішінің 82 (82,7) пайыздан астамын құрайды.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498