Биыл «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Ол үшін білімді болуы қажет. Осы бағытта бүгінде аудандарда, ауылдарда кітапханалар жүйесін аңғырту қолға алынуда. Бүгін Қоғам және Көкмардан ауыл округтерінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жылдыққа — 25 модельді кітапхана» акциясы аясында үлгілі кітапхана ашылды.Кітапхананың ашылу салтанатына облыстық «Отырар ғылыми әмбебап кітапханасы» дамыту бөлімінің меңгерушісі Ғ.Хакимова және ғылыми хатшы З.Жандарова арнайы қатысып, заманауи үлгідегі кітапханамен танысты. 1460 кітап қорын құрайтын Қоғам ауылдық модельдік кітапхананың 1400 оқырманы бар. Ауыл әкімі Ж.Зәрнабиев заманауи кітапхананың ашылуымен құттықтай келе, үздік оқырмандарды даралап, алғыс хат пен сый сияпаттар үлестірді.7760 кітап қорын құрайтын Көкмардан ауылдық модельдік кітапхананың 1230 оқырманы бар. Кітапхананың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов арнайы қатысып «Отырар өлкесі тұнып тұрған шежіреге толы өлке. Осы құнды шежіремізді бір орталыққа шоғырландырып ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп сақтайтын орда ол — кітапхана. Заманға сай жабдықталған, оқырман сұранысын қанағаттандыра білетін моделдіккітапханамыз қазақ руханиятының дамуына үлес қосады деп сенеміз», — деп жылы лебізін білдірді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498