Ұлт жоспарында нақты көрсетілгендей кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын көтеруге басты назар аударуды талап еткен болатын. Оңтүстік Қазақстан облысында экономиканы әртараптандыру үшін индустрияландыру бағдарламасы табысты жүзеге асуда. «Сэндвич панель» зауытының ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ өндіріп отырған өнімі бүгінгі заманның талабына жауап берерліктей. Ыстықты ыстықтай, суықты суық күйінде сақтайтын бұл затты құрылыста «сэндвич панель» деп атап кеткен. Жоғары физикалық қасиетке ие өнімді тоңазытқыш камераларын дайындауда пайдаланады. Зауытта өндірілген өнімдер еліміздің әр аймағына таралып үлгерді. Әрі сұраныс та артып келеді. Жұмысшылардың айлық жалақысы да көңілге қонымды. Өндіріс орны өздеріне қажетті шикізатты Ресейден тасымалдайды. Кәсіпорын күніне 30-40 дана сэндвич-панель шығарады. Ұзындығы — 6, ені — 1,2 метр болатын қалыпты құйып шығару ісін кәсіби мамандар атқарады. алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайту жоспарларында бар. Әрі өнім сапасын арттыру да басты талаптардың бірі.