Бүгінде элеутр қуатын үнемдеу барлық елдердің басты проблемасы болып отыр. Осы мәселені шешу жолында бүгінде Оңтүстік Қазақстан облыстындағы Созақ ауданында күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станция салынатын болды. Жобаны іске асыруға германиялық «Green Energy 3000 Holding» компаниясы құлшыныс танытып отыр. Берері мол инновациялық жобаны іске асыратын станцияның құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында басталады. Аз ғана уақыттың ішінде салынып бітеді дейді мамандар. Келер жылы толық қуатымен жүзеге асатын жобаның аудан ғана емес, олысқа да тигізер пайдасы мол болғалы тұр. Пайдалануға берілгеннен кейін мұнда 50 адам жұмыспен қамтылмақ. Жоспар – 50 МВт электр энергиясын өндіруү бұл соншалықты көп емес әрине. Жыл сайын қуат өндіру көлемін арттыратын болады. Ал жобаның тұтынушысы «KEGOC» АҚ болмақ. Әсіресе, бұл технологияны жыл бойы күннің көзі ысып тұратын Оңтүстікте дамыту қолайлы. Бүгінде облыс орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелі бойында күн батареялары орнатылған. Жаңашыл жоба былтыр қолға алынған болатрын. Осы жол белгілерін күн батареялары қуаттандырады. Қазірдің өзінде Орталық көшелерде мұндай жүйе 30 орынға қойылған.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498