Күн сәулесінен электр энергиясын өндіру бүгінде табысты кәсіпке айналып отыр. Алдағы уақытта аталған өндіріс электр қуатын үнемдеу жолында таптырмас тиімді тәсіл болары анық. Осы кәсіпті қолға алғандардың бірі – «Ақсу Энерго» ЖШС-і. Күн электр стансасы былтыр жұмысын бастаған. Содан бергі уақытта біршама нәтижелер бар. Бас директоры Нұржан Әбілдаев жаңа өндіріс кезең-кезеңімен дамып келе жатқанын айтып отыр. Алып станса 4,4 гектар алқапқа орналасқан. Бүгінде мұнда 4 мың қондырғы бар. Күн шуағы молынан шашатын оңтүстікте мұндай жобаларды көптеп қолға алу артықтық етпейді. Аталған стансада сағатына 1 МВт энергия өндіріледі. Жазда өндіртіп жұмыс істейтін компания күн сәулесі азаятын қыс мезгілінде жұмыс көлемінің қысқаратынын жасырмайды. Өндірілген энергияны негізінде «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі тұтынады. Бүгінгі күні , 1 КВт энергияның құны – 34, 61 теңгеге бағаланып тұр. Аталған жоба экологиялық тұрғыда таза, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы. Өз құнын 100 пайыз ақтайтын тиімді жоба. Алдағы уақытта аталған компания «жасыл экономикаға» үлес қосу мақсатында жобалық қуаттылығы 3,5 МВт/сағатты құрайтын шағын су электр станциясын салуды жоспарлап отыр. 5 институционалды реформада атап көрсеткендей Елбасы білім, ғылымға бей-жай қарамайды. Білімді ұрпақ ғылымды алға сүйрейді. Сондықтан да еліміздегі ашылып жатқан жаңалық біткеннің бәрі де еліміздің болшағы үшін қызмет етпек. Аталған бірегей жоба соның жемісі.