Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысында салалар бойынша жеткен жетістіктерді насихаттау мақсатында көшпелі семинарлар ұйымдастырылуда. Жуырда Төлеби ауданында ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен семинар өтті. Бұл семинарға облыстық ішкі саясат басқармасының жауапты қызметкерлері, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, лектор Мархабат Байғұт ағамыз, аудан әкімдігінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері және елді мекендердің ақпараттық-насихаттық топтарының мүшелері қатысты. Бұл семинардың басты мақсаты Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері 25 жылда елімізде қол жеткен жетістіктерді, оң көрсеткіштерді, оның ішінде облыстағы, аудандағы, елді мекендегі оң өзгерістерді насихаттау болып табылады. Тәуелсіздіктің 25 жылында елімізде оның ішінде облыстағы қол жеткен жетістіктер, оң көрсеткіштер туралы Мархабат Байғұт ағамыз айтып өтсе, Тәуелсіздіктің 25 жылында ауданда қол жеткен жетістіктер мен оң көрсеткіштер туралы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан баяндады. Төле би ауданында биыл 20,6 мың га астық жиналып, әр гектарынан 26 центнерден өнім алды. Ауданда әлеуметтік нысандар қатары көбейіп келеді. Тоз тозы шыққан жолдар жөнделіп, ауылдарға таза ауыз су тартылды. Тіуризмді дамытуда да оңды жетістіктер бар. Семинарды қорытындылай келе, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуді жоғары дейгейде ұйымдастыру үшін, барлық бағыттағы шараларды орындап, жұмыла жұмыс атқаруға шақырды.