«100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» жүзеге асыру барысында негізінде 35-ші қадам мен 85-ші қадамның аралығы толықтай индустрияландыру және экономикалық өсімге арналғаны белгілі. Оңтүстік Қазақстан облысында экономиканың өсіп өркендеуіне үлес қосып отырған аудандар баршылық. Сайрам ауданында бүгінде жалпы өнім өндіру көлемі 44,6 млрд теңгені құрап, 3,8 пайызға артқан. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 226,5 мың теңгеге жетіп, тартылған инвестиция көлемі 10,6 млрд теңгеге жеткен. Аудандағы өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарда 6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102 пайызды құраған. Бүгінде ішкі нарықты ғана қамтып қоймай шетелге де өнімдерін экспорттап отырған «Golden Nomad» брендімен ерлер киімін шығаратын кәсіпорын бүгінде өндіріс көлемін арттып отыр. Жуырда ғана мұнда қосымша 29 жұмыс орны ашылды. Одан бөлек «Stratus oil» ЖШС мұнай сақтау және өңдеу кешенінің бірінші кезеңін іске асырып 35 жұмыс орны ашты. Жалпы, аудан көлемінде индустрияландыру картасына инвестиция көлемі 4 млрд 825 млн теңгелік 8 жоба енген, оның 7 жобасы іске қосылып, өнім өндіруде.Аудандағы 15006 шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінде 23962 адам жұмыс атқарып, биылдың 6 айында 24,2 млрд теңгенің өнімін өндірді. Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 9,4 млрд теңгені құрап, былтырдың 6 айымен салыстырғанда 184 млн теңгеге артып отыр, нақты көлем индексі 102% құрады.Есепті кезеңде 48,4 мың га егістік жер игеріліп, жоспар 112,3% орындалған. Тамшылатып суару әдісі 132 га ендіріліп, меже 22 пайызға орындалған. Жылыжай көлемі 3,2 га артып, жалпы көлемі 13,8 га жеткен.«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 айда 292 бас мал алынып, тапсырма 194,0% орындалған.