Ұлт жоспарының басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығын дамыту болса, оның ішінде 60-шы қадамында сүт және сүт өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту туралы нақты айтылған. Бүгінде Сайрам
ауданда сыйымдылығы 1500 басқа арналған 18 тауарлы сүт фермасы бар. 181 мал бордақылау алаңы ашылған. Бүгінгі таңда сүтті 7380 бас, етті 896 бас ірі қара қолдан ұрықтандырылып, жылдық тапсырма 48,3 пайызға орындалды.
Негізінен ауданда мал шаруашылығымен айналысатын ұсақ және ірі шаруашылықтар басым. Алдағы уақытта мал басын асылдандыру ісіне де көптеп көңіл бөлінбек…. Ал құрылыс саласында да атқарылып жатқан шаруалар ауқымды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 млрд теңгені құрап, өсім 1,8 есеге артты, 9641 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, былтырдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,3 есеге артқан. Білім беру саласында 2 білім беру нысандарының құрылысына 364,2 млн теңге қаралып, Қарабұлақ ауылындағы 900 орынды және Манкент ауылындағы 600 орынды Рашидов атындағы орта мектептері салынып, пайдалануға тапсырылды. Бұдан бөлек ұлттық қордан 3 мектептің құрылысына барлығы 850 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда 2 мектепте құрылыс жүруде. Ал аудандық бюджет есебінен 2 білім беру нысанының құрылысына 346,2 млн теңге қаралып, оның ішінде Машат атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы аяқталып, мамыр айында пайдалануға тапсырылды. Ал Тілендиев атындағы орта мектеп құрылысының мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпазы анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.