Оңтүстік Қазақстан облысында демографияға дүркіретіп үлес қосып жатқан алтын құрсақты аналардың дені Сарыағаш ауданынан. Әрине бала басының көбеюі екінші бір мәселені туындатады. Яғни, жағымды мәселені. Бала бақшалар санын көбейту қажеттігі туындап отыр. «Балапан» бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданы аумағында 28 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша мен 30 шағын орталық жұмыс істеп, аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту деңгейі 83,4 пайызды құрап отыр. Соңғы кезде жеке балабақшалар саны да көбейіп келеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінің қарсаңында Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданындағы №30 бөбекжай балабақшасы ашылды. Балабақша республикалық бюджеттен салынған. Ғимаратқа 529 млн теңге қаржы бөлінген. 320 орынға лайықталған. Заманауи үлгіде салынған балабақшада толық құрал-жабдық, бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтамасыз етілген. Бүгінде балалардың күміс күлкісіне көмілген бақша жап жаңа сыңғырап тұр. Алдағы уақытта «бэби бумға» барынша үлес қосатын сарыағаштық аналардың арқасында тағы да балабақшалар санын арттыру қажеттігі туындары анық.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498