Кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау бүгінде қарқынды жүргізілуде. Өз кезегінде экономиканы еселеуге елеулі үлес қосатын да әрине кәсіпкерлер. Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығында жаңадан ісін бастағалы отырған кәсіп иелерін тегін оқыту, бизнес жоспар жасауды үйрету, түрлі жеңілдетілген қолдауларды қалай алу жөнінде кеңінен мағлұмат беріледі. Түлкібас ауданындағы орталықтың көмегіне жүгінген 700-ге жуық азамат әртүрлі тегін білім алса, 42 кәсіпкер бизнес жоспар жазылып тапсырылды. 87 адамның рұқсат құжаттары рәсімделді. 38-і жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен 78, ал, 90 адам салалық шеберлікті дамыту курсынан өтті. Бұл мемлекеттік бағдарламаның аудан аумақтарында тиімді жүзеге асып отырғанының бір көрінісі. Олардың көпшілігі мал басын көбейтіп, сүт өнімдерін өндірумен айналыспақ. Әрі шөбі шүйгін, суы бал Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданы мал өсіруге қолайлы аймақ. «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Түлкібас аудандық бөлімшесінің көмегін көргендер бүгінде кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Алма, алмұрт, жаңғақтың отаны саналатын Түлкібаста бүгінде шырын, алма қақтан жасалған сусын әзірлейтін цехтар көптеп ашылуда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498