Бүгінде ауылшаруашылығына арналған түрлі бағдарламалардың игілігін ел көруде. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылының «Бес жал» өндірістік кооперативі 1,5 мың гектар жерге жоғары сұрыпты бидай егіп, биыл мол астық алды. «Стекловидная-24» атты сортты бидай мол өнім кепілі болып отыр. «ҚазАгроқаржыдан» жеңілдетілген несие алған шаруалар көп. Жалғыз бидай ғана емес, ауданның құнарлы жеріне мақсары, жоңышқаны ексе де молынан шығады. Егін егіп жер емген шаруалар бидайды астық ретінде де сатып, тұқымдық бидай ретінде де сатып пайдасын көруде. Алдағы уақытта астық тұқымын өңдейтін, әрі тұқым шаруашылығын жолға қоятын шаруашылықтар қатарынды «Бес жал» өндірістік кооперативі де бар. Кооператив төрағасы Спабек Іңкәрұлының қолынан іргелес жатқан төрт аудан Сайрам, Төлеби, Бәйдібек, Түлкібас ауданының өзіндегілер арнайы келіп, бидайлық тұқым сатып алады. Былтыр 25 центнер өнім алған, биыл одан екі есе артық өнім алды. Биыл астық көлемі 40 центнерге жетіп отыр.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498