Бұрындары мақтаны шикізатты шетке сатып келсек, бүгінде елімізде жеңілөнеркәсіп саласының дамуына байланысты өзімізде әжетке жарауда. Бұл өз кезегінде ала жаздай кетпетін күнге сүйдіріп, маңдайын тамшылатып тер төккен шаруалардың еңбегін ақтап тұр. Мақта зауыттары бүгінде шаруалардың еңбегін еш кетірмей қомақты қаражат төлеуде. Оңтүстік Қазақстан облысы мақта егуге ең қолайлы аймақ саналады. Биылғы жылы 109,6 мың га жерге мақта шиті егілсе, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10,3 мың га артық. Қазіргі таңда түсімділігі орташа есеппен әр гектардан 24 центнерден 262,5 мың тонна шитті мақта жиналды. Яғни, бұл меженің 94,7 пайызы деген сөз. Мақта өңдеу ұйымдарында шитті мақта қабылдау бағасы 1 килограмы 160-165 теңгеден басталып, бүгінгі таңда мақтаның 1 килограмы сортына байланысты 130-145 теңгеден қабылдануда. Өткен жлы 1 келісіне бағасы 107 теңгеден болған еді. Қазіргі таңда әр ауданның климаттық жағдайына байланысты 2-ші, 3-ші терім науқаны жүруде. Мақта жинау жұмыстары әлі де аяқталған жоқ. Ал облыс бойынша мақта теретін 512 дана комбайн бар. Оңтүстік Қазақстанда мақта жинау жұмыстарының 65 пайызы комбайнмен теріледі.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498