Бүгінде кәсіпкерлер кәсібін бастау үшін жерді қайдан аламын, коммуникацияны қалай жүргіземін деп бас қатырмайды. Индустриалды аймақ аталған барлық жағдайды тегін ұсынуда. Осы аймақта орналасқан «Grand Miks» жиһаз цехы өнімін өндіріп, саудасын қыздыруда. Осы аумақтағы ғимаратын заманауи жабдықтармен жарақтандыруда. «Максимум» АИО-нан 68 млн теңге көлемінде алған несиесіне шетелден жоғары сапалы ең соңғы үлгідегі жабдықтарды сатып алған. Бүгінгі күні жиһаз жасауға қажетті жабдықтарды орнатып, жұмысын табысты жүргізіп отыр. Кәсіпкерді бір қуантатыны тұтынушылардың соңғы әлетте отандық тауарларға деген қызығушылықтары артып келеді екен. Өзіміздің өнім шетелдік жиһаздан бірде кем емес дейді. Тапсырыспен жасатушылардың қатары да көбейген. Ал ағаш өңдеу цехына 12 млн теңге көлемінде несие алған жеке кәсіпкер Нұрлан Сәулебаевқа «Ырыс» МҚҰ тарапынан қолдау көрсетілген. Кәсіпкер бүгінде табысты жұмыс істеп, 20-ға жуық жергілікті тұрғынды жұмыссыздықтан құтқарып отыр.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498