Оңтүстік Қазақстан облысында биыл өндірістегі өсім көлемі көңіл қуантарлықтай. Биыл 574,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 104,9 пайыз артық. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 29,9 пайыз үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 4,1 пайызға артып, 171,6 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 61,2 пайыз) өнімінің нақты көлем индексі – 112,7 пайыз, немесе өнім көлемі 351,7 млрд. теңгені құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 41,7 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,5 пайыздан артық. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 9,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110,1 пайызды құрады. Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта маталары – 28 пайыз (22092,1 мың шаршы метр), мақта талшығы – 16,0 пайыз (13306 тонна), мұнай өңдеу өнімдері – 16,9 пайыз (3748,0 мың тонна), портландцемент – 19,9 пайыз (1946,8 мың тонна), электроэнергия – 26,7пайыз (779 млн.кВт/сағ) артты.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498