Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағашта кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді. Тәулігіне 5 мың дана нан пісіріп сарыағаштықтарды ас атасымен қамтып отырған кәсіпкер Күлипа Оралова нан пісіруді 2008 жылы бастапты. Әу баста қалай болар екен деп қорқақтағанын да жасырмайды. Отбасымен ақылдаса келе, ақыры «Тәуекел түбі жел қайық» деп кәсіп ашуға бел буыпты. Бүгінде отбасымен осы кәсіптің өрге жүздіріп отыр. Сегіз жылдағы еңбегі еш кетпеді, қазір жемісін көруде. Мемлекеттің қолдауының нәтижесінде тасы өрге домалаған кәсіпкер енді өндірісін кеңейтпек ниетте. Бүгінде наубайханада 12 адам жұмыспен қамтылған. Бәрі де жергілікті тұрғындар. Ал кәсіпкер нан пісіруге тек отандық өнімдерді қолданатынын айтады. Ашытқы Алматыдан, тұз Аралдан, ұн солтүстіктен жеткізіледі. Мұнда тәулігіне 5 мың дана бөлке нан пісіріледі. Кәсіпкер енді тәтті нан шығаруды қолға алмақ. Тәтті тоқаш, торт, күлше пісіруді қолға алмақ. Оның өтімді болатынына сенімі мол. Егер тағы да қосымша цех ашса тағы да біраз адамды жұмыспен қамтыр еді. Наубайхана үш ауысымда жұмыс істеп жатыр. Нанға деген сұраныс жоғары, күнделікті пісірілген нан сол сәтте ақ таусылып кетеді. Осылайша аз да болса ел қазынасының молаюына үлес қосуда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498