Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 240,8 миллиард теңге инвестиция бағытталды немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне – 82,4 пайызды құрады. Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 160,4 миллиард теңгені, немесе – 66,6 пайызды құрап отыр. Әрине облыс бюджетін қомақтыландыруға шағын кәсіпорындардың қосар үлесі қомақты. Тартылған қарыжының тиісінше пайдасы да көбірек. Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 34,6 пайыз, немесе 83,4 миллиард теңге, меншікті қаражаттары – 40,5 пайыз немесе 97,6 миллиард теңге, қарыз қаражаты – 20,6%, немесе 49,6 миллиард теңгені құрап отыр. Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 37,5 пайызды құрайды.