Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында «Алтын күз» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекеде ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен шаруашылық техникасы және асыл тұқымды мал көрмесін ұйымдастырды. Шараға қатысқан аудан әкімі А.Мамытбеков барша ауыл шаруашылық саласының мамандарын мерекемен құттықтап, өз еңбектерімен жоғары көрсеткіштерге ие болған аудан еңбеккерлерін марапаттады. Жері шұрайлы, азаматтары еңбексүйгіш, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Ордабасы өңірі Тәуелсіздігіміздің 25 жылында тұрақты даму жолына түсіп, еліміздің ілгері басуына өзіндік үлесін қосып келеді. 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық ауылшаруашылық құрылымының саны 8275-ті құраса, оның 158-і яғни 1,9 пайызы ғана осы аумақтан болатын. 21 жылда бұл көрсеткіш облыста 72 417-ге жетсе, бүгінде ордабасылықтардың үлесі 5505-ке тұрақтады. Бұл жалпы облыстағы ауылшаруашылық құрылымның 7,6 пайызын құрайды. Жалпы, Ордабасы ауданы биылғы жылды да ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жақсы көрсеткіштермен аяқтады деуге негіз бар.Атап айтсақ: «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыс көрсеткіші 20 173 ірі қара малды құраса, оның 5,2 пайыздық үлесі Ордабасыға тиесілі,
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498