Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Төлеби ауданындағы әлеуметтік нысандарда болып, жұмысымен танысты. Жұмысшы топ, ең алдымен, Киелітас ауылдық округіндегі «Газпромнефть—Битум Казахстан» зауытын көріп, жұмысшыларымен сөйлесті. Автокөлік жолдарына арналған битум шығару өндіріс орнынан өндірілетін өнім еліміздің үш облысы – Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанның тасжолдарына қолданылады. 2011 жылы «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы» аясында іске қосылған битум зауытында биыл 170 мың тонна битум өндіруге қол жеткізілді. Осы жылдан бастап Тәжікстан мен Өзбекстанға дайын өнім эспорттай бастаған өнеркәсіп орнында жергілікті 80 адам жұмыспен қамтылған. Зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігіне қанық болған Ж.Түймебаев жұмысқа жергілікті халықты көптеп тарту ісіне мән беру керектігіне назар аударып, зауытты кеңейту жолдарын қарастыру керектігін айтты. Мұнан соң, әкім аталған елді мекенге қарасты асыл тұқымды құс шаруашылығы «Қызылжар» ЖШС-н аралады. 8 га жерге орналасқан құс фермасында 28 мыңға жуық Хайтекс Браун тауықтары тәулігіне 28 мың дана жұмыртқа береді. Жергілікті 30 адамды жұмыспен қамтыған серіктестік жылына 2 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасын салмақшы. Бұл ретте аймақ басшысы аудан әкімі Б.Пармановқа құс шаруашылығына қосымша жер беруде жергілікті әкімшілік тарапынан қажетті қолдаулардың жасалу керектігін жүктеді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498