Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қайнарбұлақ ауылындағы «Қайып-Ата» ет комбинаты тек елімізде ғана емес шетелдерге де танымал. Өйткені Біріккен Араб Әмірліктеріне ет экспорттауда көш бастап тұр. Оңтүстіктегі ең ірі серіктестікте тәулігіне 300 бас ірі қара сойылады. Қожалық басшылығы алдағы жылы кәсіпорынды кеңейтіп, шұжық өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. «Қайып ата» ЖШС-нің директоры Жарас Ертаев биылғы жылдың аяғына дейін БАӘ 60 мың бас қой жіберуге дайындап отырғандықтарын айтты. Алдағы уақытта тек қой етін ғана емес, сиыр етін де экспорттау жөнінде келісімге келмек екен. Бүгінде компания өкілдері аталған елде келісімшарт мәселесін шешу үстінде. Бұдан өзге Сауд Арабиясы, Иран, Өзбекстан елдерімен де келіссөздер жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1,5 тонна ет шығару жоспарланып отыр. Алдағы уақытта құны 500 миллион теңге тұратын ет комбинатын салып жатқан кәсіпорын оны заемдық қаржы есебінен жүргізуде. Бүгінде Германия мен Түркиядан ет комбинатына қажетті құрал жабдықтар әкелінбек. Шикізат ретінде ғана өткізбей оны тереңдетіп өңдеуді көздеп отыр. Шұжық пен бұқтырылған ет өнімдері шығарылатын болады. Комапнияның өнімдері еуростандарт талаптарының үдесінен шығатын болады. Ол дегеніңіз әлемнің кез келген еліне кедергісіз өнімдерін жеткізе алады. Алдағы уақытта күнінен 300 бас ірі қараға дейін сойып, етін экспорттауды көздеп отыр.