Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жетерлік. Соған қарамастан оның етіне, жұмыртқасына деген сұраныс бір толастаған емес. Қыс айы басталмай жатып жұмыртқаның бір данасы 30 теңгеге қымбаттады. Төле би ауданындағы «Қызыл жар» ЖШС-і бүгінде тірлігін өрге жүздіріп отыр. Асылтұқымды құс шаруашылығын дамытуға арналған серіктестікті ашуға 300 ммиллион теңге инвестиция құйылған. Істің тетігін тапқан компания өнімдерін өткізуде кедергі жоқ екен айтады. Қайта етіне де, жұмыртқасына да сұраныс артқан. Құсханада қазір 1880 бас Хайтекс Браун тауықтары өсірілуде. Асылтұқымды құстың өнімі де өтімді. Күндігіне 15 мың дана жұмыртқа ашады. Ісі ілгері басқан фабрика өнжіріс қуатын арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. «Қызыл-Жар» ЖШС-і құс фабрикасын кеңейту бойынша жанындағы 12,0 га жер телімінде қосымша етті құс бағытындағы құс өндіретін және жұмыртқа өндіретін 24 ғимарат және 1 құрама жем шығаратын цех салынады. Жобаның жалпы құны 1 млрд 200 млн теңге. Жоба іске асқанда қосымша 80 адам жұмыспен қамтылмақ. Ауданның өсім көлеміне өндірте үлес қосып отырған фабрикада жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр.