Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданы мал шаруашылығына қолайлы ауданның бірі. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда аудан көлемінде 47 жанұялық сүт өндіру фермасы қарқынды жұмыс жасауда. Ауылдық округтерге берілген тапсырмалардың орындалу барысында ауданда 49 сүт өндіру фермасы құрылып, 104 пайызға орындалып отыр. Аудан бойынша ағымдағы 9 айында өдірілген сүт өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 101,7 пайызды құрап 29,8 мың тонна сүт өндірілген. Бұл дегеніміз сүт өндіретін фермалардың саны көбейіп, сапасының жағынан жақсарғанының дәлелі. Шағын жанұялық фермаларда өндіріліп жатқан сүт өнімдері аудан орталығына арнай көлікпен жеткізіліп, тұрғындарға төмен бағамен сатылуда. Өндірілген сүттің 60 пайызын «Фуд – Мастер Шымкент Компаниясы» ЖШС-і елді мекендегі тұрғындармен екі жақты келісімге тұрып, сүт өнімдерін өздері келіп алып кетеді. Аталмыш компанияға өткізілген сүт өнімінен балмұздак, айран және қаймақ, ірімшік жасап Қазақстанның түпкір түпкіріне таратуда. 100 нақты қадамдағы 60-шы қадамда сүт кластерін дамыту мәселелері қамтылған. Төлебиліктер бағдарламаның орындалуына қал-қадерінше үлес қосуда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498