Оңтүстік Қазақстан облысында 9 айда тамақ өнеркәсібіне 3 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Азық түлік нарығында өрістеу бар. Дәл осы көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түспек. Бұрын тез дайындалатын кеспелерді Қытайдан және Ресейден тасымалдап келсек, енді аталған өнім өзімізде өндіріле бастады. Инвестиция тартылған жобалардың бірі Қазығұрт ауданында жүзеге асқан «Lotus Food Company LLC» ЖШС-нің тез дайындалатын кеспе жобасы. Бұл жобаға 471 иллион теңге көлемінде инвестиция салынған. Аталған өнімге бұрын да сұраныс жоғары болатын. Бүгінде тіптен артып отыр. Отандық өнімнің шетелдік өнімнен еш кемдігі жоқ. Артықшылығы болмаса. Өндірілген өнімге бүгінде сұраныс өте жоғары. Сонымен қатар, 1 млрд. 900 млн. теңге инвестиция тартылған «Шымкент май» жобасы бүгінде өз өнімдерін экспортқа шығаруда.
Инвесторлардың үздік үштігінде Германия, Польша және Түркия елдері көш бастап тұр. «Шымкентмайда» тек май өндіріліп қана қоймай мұнда қалдықсыз технология да қолданылады. Мәселен май шығарылғаннан кейінгі қалдықтан кір сабын, одан кейін мал азығы дайындалады. Аталған кәсіпорын өнімдерін тұтынушылардың қатарында еліміздегі қалалардан бастап, шетелдер де бар. Алдағы уақытта кәсіпорын жылдық қуатын арттыру мақсатында бірнеше жобалар дайындауда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498