
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Әлеуметтік нысандар, мектеп, бала-бақша салуға отандық өнімдер қолданылуда. «АРТ – Құрылыс» ЖШС-і құрылыс саласына қажетті өнімдер шығарып, соған үлес қосуда. Серіктестік құрылысқа қажетті барлық материалдарды шығарады деуге болады. Құрылыс материалдарын, су шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтар және үй, жол салу үшін де керекті өнім өндіреді. Сапасы жоғары болғандықтан тұтынушылары да көп. Серіктестікте темір-бетон бұйымдарының 100-ге жуық түрі шығарылады, автокөлік және темір жолдарға, ғимараттарға, коммуникацияға және ирригациялар мен мелиорацияларға арналған темір-бетон бұйымдарының барлық түрі бар. Шикізатқа қажетті өнімнің барлығы қол астында. Әсіресе құрылысы қызу қарқынмен жүргізіліп жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізін салуға керекті құрал-жабдық та осында шығарылады. Кәсіпорын өнімдері Түркістан, Қызылорда, Ташкент, Тараз бағыты бойынша көлік дәлізі құрылысына пайдаланылуда. Облыстың әлеуетін көтеруге үлес қосып жатқан кәсіпорын алдағы уақытта құрылысқа қажетті тағы да біраз өнімді шығару жоспардарында бар.